Онлайн мониторинг  нақты уақыт режимінде атмосфералық ауаның  жағдайы туралы ақпаратпен қамтамасыз етуге арналған.

Қазіргі уақытта қалада атмосфералық ауаның ластануына мониторинг жасау үшін 7 станция жұмыс жасайды (бесеуі - автоматты,  екеуі - нұсқаулық). Нәтижесінде қалада атмосфералық ауаның ластану деңгейі туралы күнделікті ақпарат  түсіп отырады.

Бес автоматты бақылау станциясы бойынша мәліметтер 12 минуттық интервалмен Естай– Кутузов к-сі, Ак.Сәтбаев – Кривенко к-сі, ТЖ  Сапаржайы, Ак.Сәтпаев –Торайғыров к-сі қиылыстарында орнатылған LED-экранға шығарылады.

Экрандарда түстер спектріде негізгі ластаушы заттар концентрациясының деректері көрсетіледі:

- Жасыл түс - ластанудың төмен деңгейі;
- сары – қалыпты денгейді;
- қызыл - жоғары деңгейді.


pavlodarnews.kz

Тэги: