Жеткіншек облыстық балалар ауруханасына түрлі жарақаттармен жеткізілген.

 Куәгерлердің айтуынша, ұл бала құлаққап киіп алып, жаяу жүргіншілер өтетін жолдың реттелмейтін  тұсынан, Хромзауыт ауданындағы соңғы аялдаманың жанында өтіп бара жатқан.

 Сол сәтте бұрылыстан «Павлодар – Астана» бағытындағы электр пойыз шыққан.  Соққы салдарынан бала шетке құлап түскен, жолдардың арасына түскен. Абырой болғанда, тірі қалған.

-  Ол жедел жәрдем арқылы  17-наурыз күні біздің ауруханаға сағат 15.30-да жеткізілді, - дейді облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Ирина Орсагош. – Жасөспірімнің бас миы жарақат алып, алақан және бет сүйектері сынған. Қазіргі таңда жарақат бөлімінде нейрохирург дәрігердің бақылауында.

Ақ желеңділер баланың жағдайын орташа ауыр деп бағалауда. Баланың өміріне ешбір қауіп төніп тұрған жоқ.

Томирис Бекжан

 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам