Қазақстан мен Түркия арасындағы жолаушылар әуе тасымалы екі есеге артады
тек шынайы ақпарат
қазрус
Правительство для бизнеса
109
Қазақстан мен Түркия арасындағы жолаушылар әуе тасымалы екі есеге артады 12.05.2022

Қазақстан мен Түркия арасындағы жолаушылар әуе тасымалы екі есеге артады

13 мамырдан бастап Қазақстан мен Түркия арасындағы жолаушылар әуе тасымалы екі есеге артады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайып Эрдоғанның Анкарада өткен шағын құрамдағы кездесуі кезінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев 13 мамырдан бастап Қазақстан мен Түркия арасындағы жолаушылар әуе тасымалы екі есеге артатынын айтты.


ИИДМ басшысы өз сөзінде Қазақстан мен Түркия арасындағы авиация саласындағы ынтымақтастық артып келе жатқандығын баяндады. Бүгінде әуе қатынастары бойынша Үкіметаралық келісім негізінде елдер арасындағы тұрақты рейстердің жиілігі бойынша аптасына 61 жолаушылар рейсі орындалуда. Атап айтқанда, осы мерзім аралығында отандық Air Astana, Fly Arystan және SCAT әуе компаниялары 37 рейс орындаса, түркиялық Turkish Airlines және Pegasus компаниялары 24 рейс жүзеге асыруда. Жолаушылар Стамбұл мен Анкараға және кері қарай Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Шымкент және Түркістан қалалары арқылы ұша алады.

Енді 13 мамырдан бастап ұшу саны аптасына 63 рейске артпақ. Сәйкесінше, елдер арасындағы апта сайынғы рейс саны 124-ке дейін өсетін болады.

«Биылғы жылдың 13 мамырынан бастап Анталия және Бодрум бағыттарында қатынайтын Air Astana , SCAT, Turkish Airlines әуе компанияларының рейс саны біртіндеп артатын болады. Қосымша рейстер Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Орал, Шымкент және Өскемен арқылы іске асырылады», – деді Қайырбек Өскенбаев.

Мәселен, SCAT Анталияға аптасына 29 жаңа рейсті Нұр-Сұлтан (аптасына 7 рейс), Алматы (6), Ақтөбе (3), Атырау (3), Шымкент (2), Қарағанды (2), Орал (2), Қостанай (2), Ақтау (1), Өскемен (1) қалаларынан жүзеге асырады. Ал Air Astana Нұр-Сұлтан және Алматыдан Анталия (7 рейстен) мен Бодрумға (2 рейстен) аптасына 18 рейс жасамақ.

Turkish Airlines Анталияға аптасына 16 рейсті Нұр-Сұлтан (5 рейстен), Алматы (4) және Қарағандыдан (3) және Бодрумға Нұр-Сұлтан (2 рейстен) мен Алматыдан (2) орындайды.

Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, биылғы жылдың мамыр айында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мемлекеттер арасындағы әуе тасымалын одан әрмен арттыру мен ұшу географиясын кеңейту бойынша екі елдің әуе билігі өкілдерінің келіссөз жүргізу ұсынған. Өз кезегінде бастама қолдау тауып, келіссөздер ағымдағы жылдың шілде айында Стамбұл қаласында өтеді.

Еске салайық, COVID-19 пандемиясына дейін Қазақстан мен Түркия арасында аптасына 65 әуе тасымалы жүзеге асырылған.


Количество показов: 274

Возврат к списку

Pavlodarnews.kz АА материалдарын қолдану ережелері

Правительство для бизнеса
109

Жаңалықтар тізбегі

Павлодар колониясында соңғы қоңырау соғылды
21:14 28.05.2022  37

Павлодарда Испаниядан оралған науқасты ауруханаға жатқызу бойынша оқу-жаттығу өтті
20:11 28.05.2022  47

Қазақстанда «Kids Go Free» жобасы қалай жұмыс істейді
19:35 28.05.2022  49

Тағы біреуі көз жұмды: Павлодар облыстық полиция департаменті улануға қатысты оқиғаның мәнжайын айтты
18:38 28.05.2022  85

Павлодар облысында 10 тонна өсімдік майы тиелген тіркеме жанып кетті
18:04 28.05.2022  66

Павлодар қаласының әкімі жағалаудың қалай өзгеретінін көрсетті (ВИДЕО)
17:31 28.05.2022  67

Ертіс ауданында уланып қалған төрт адам қайтыс болды
17:09 28.05.2022  76

Ақсу ауылдық аймағында құрғақ шөп жанды (ВИДЕО)
16:02 28.05.2022  70

Павлодарда Ертістің сол жағалауында қансорғыштарды улау жалғасуда
15:08 28.05.2022  78

Павлодарда сұр-жасыл түсті зат алып жүрген ер адам ұсталды (ВИДЕО)
14:42 28.05.2022  99

Павлодарда ескі үйден мылтықтар мен мыңға жуық оқ табылды
14:15 28.05.2022  87

Павлодар облысында балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия ай сайын қабылдау өткізеді
13:11 28.05.2022  99

Қазгидромет күздік бидай өнімділігінің болжамын жасады
12:13 28.05.2022  106

Өскемендік зейнеткер қонақта отырып павлодарлықтың атынан млн теңге несие алған
11:11 28.05.2022  105

Каспий жағалауында тағы бір итбалықтың өлексесі табылды
10:10 28.05.2022  112

Павлодарда қуғын-сүргінге ұшырағандарды еске алды
09:13 28.05.2022  204

Бразилияға аштық қаупі төнді
08:45 28.05.2022  120

28 мамырда Павлодарда күндіз жаңбыр жауады
08:02 28.05.2022  124

Павлодарда армандар тақтасы пайда болды
22:07 27.05.2022  186

«Saryarqa samaly» газетінің ертеңгі санында: Көмірлі өлкенің күрмеуі көп. Рәміздерде елдің жігері бар.
21:31 27.05.2022  184

Павлодар облысындағы колледждердің алты студенті «ITeachMe» жастар инклюзивті лагеріне қатысады
21:08 27.05.2022  175

Павлодар облысында жемқорлықпен жеті лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды
20:39 27.05.2022  216

Қазақстанда қант тапшылығы жоқ
20:04 27.05.2022  191

Павлодар облысында мәдениет журналы шығып тұрады
19:30 27.05.2022  204

Қазақстанда ең жоғары зейнетақы 707 мың теңгені құрайды
19:02 27.05.2022  199

Екібастұзда мамықтың кесірінен дүкеннің төбесі жанып кетті (ВИДЕО)
18:21 27.05.2022  196

«Еңбегімнің бағаланғанына қуаныштымын»: Павлодар облысында мәдениет қызметкерлері марапатталды
18:01 27.05.2022  202

Кенжекөлде көпір жаққа кеткен адам тоғыз күннен бері табылмай жатыр
17:42 27.05.2022  207

Қазақстандықтар бір күнде ең кемі 2,2 доллар жұмсайды
17:36 27.05.2022  192

Павлодарда қоғамдық көлікте жол ақысын төлеуге қатысты өзгеріс енгізілді
17:05 27.05.2022  219

Екібастұзда оқушылар мерейтойға орай ертегілер жинағын шығарды
16:45 27.05.2022  209

Демалыс күндері солтүстікте 2 градус үсік күтіледі
16:16 27.05.2022  205

Павлодарда 150 аулаға балалар алаңын орнату жоспарлануда
15:43 27.05.2022  203

Биыл кейбір өңірде құрғақшылық болуы мүмкін
15:02 27.05.2022  205

Павлодарда кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігі туралы айтылды
14:26 27.05.2022  236

Павлодарда қыс жылы өткендіктен су мен жылу құбырларында апат аз болды
13:31 27.05.2022  236

Қазақстан ғалымдары артериялық патологияны емдеудің жаңа әдісін тапты
13:03 27.05.2022  215

Павлодар облысында меценаттар мен демеушілер 500-ден астам балаға жолдама сыйлайды
12:32 27.05.2022  214

Павлодарда «Ertis Рromenade» маусымының ашылуына Қайрат Нұртас келеді
12:07 27.05.2022  246

Павлодарда қыз үшін жаппай төбелес шықты (ВИДЕО)
11:25 27.05.2022  302

Успен ауданында егіз бұзаудың біреуін ұрлаған бақташыға қатысты сот үкімі шықты
11:04 27.05.2022  231

Жылап тұрды: Павлодарда өзенге шыққан бала табылды (ВИДЕО)
10:36 27.05.2022  253

Павлодарда гүлзарлардың ауданы екі есеге артты (ВИДЕО)
10:03 27.05.2022  261

Таң атқанша ұйқы жоқ! Павлодарда би кешін ұйымдастырған жастар жазаланды
09:36 27.05.2022  244

Павлодарда экологтар қоқыс полигонынан шыққан өртке қатысты тексеріс жүргізді (ВИДЕО)
09:03 27.05.2022  254

Қазақстан халал өнімдерін сертификаттау құқығына ие болды
08:34 27.05.2022  280

27 мамырда Павлодарда жел күшейеді
08:02 27.05.2022  269

Облыс әкімі Екібастұз қаласына жасаған жұмыс сапарын қорытындылады (ВИДЕО)
23:22 26.05.2022  262

Павлодарда арнайы балабақшалар ата-аналар үшін диалог алаңдарын өткізеді
21:34 26.05.2022  283

Павлодар облысында «шаффл- Party» өтеді
21:07 26.05.2022  292

Павлодарда 28 мамыр күні кезекті ауыл шаруақылық жәрмеңкесі өтеді
20:38 26.05.2022  324

Павлодарда кәсіподақ қозғалысының өкілдері референдумды қолдады
20:07 26.05.2022  360

Павлодардың оңтүстік бөлігінде ыстық су қашан беріледі?
20:06 26.05.2022  309

Тереңкөлде малшының қараусыз қалған жер телімі тәркіленді
19:33 26.05.2022  303

Павлодар облысының әкімі Екібастұздағы көпқабатты үйдің терезесінен құлаған баланың жағдайымен танысты
19:11 26.05.2022  324

Павлодар облысының әкімі Екібастұздағы ең түйткілді мәселелерге тоқталды
18:20 26.05.2022  291

Павлодар ауданында төрт тонна шөп пен қора жанып кетті
18:01 26.05.2022  287

Баянауылда ауылдастарымен жанжалдасқан әкімі қатаң сөгіс алды
17:20 26.05.2022  311

Екібастұзда «Ерекше үйге» ешбір қауіп төнбейді
17:02 26.05.2022  294

Павлодардың солтүстік бөлігінде ыстық су қашан беріледі?
16:28 26.05.2022  314