Instagram қолданушылары @kolesa_pavlodara парақшасыныда Hyundai көлігінің жағажайда шығып кеткені жайлы ақпарат тарата бастаған. Хабарламада жазылған куәгерлердің сөзінше, ер адам тамырын кесу арқылы өзіне қол жұмсаған. Болған оқиғаны облыстық денсаулық сақтау басқармасында растады.

- Кеше №1 қалалық аурухананың травматология бөліміне бұғанасы кесілген 37 жастағы ер адам түсті, - деді ведомствоның баспасөз қызметінде.  – Ер азамат жақын туысқандарымен ұрысып қалыпты.

Дәрігерлердің айтуынша, қазіргі таңда ер адамның жағдайы жақсы, өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.

 

Фариза Қазыбекқызы

Фото @kolesa_pavlodara

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, оқиға, Павлодар, Павлодар облысы