«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының мәліметінше, білім додасына 42 команданың құрамында 126 оқушы қатысты. Оның ішінде 12-сі –мамандандырылған мектептерден, 20-сы – аудандардан, бесеуі – Павлодар қаласынан, екеуі – Екібастұз қаласынан, екеуі – Ақсу қаласынан және біреуі – Омбы қаласынан.

 - Турнир екі кезең бойынша ұйымдастырылды, - дейді орталықта. - Бірінші командалық кезең оқушыларды жоғары, бірінші, екінші лигаларға бөлу үшін жазбаша түрде өткізілді. Екінші кезең жазбаша жеке және ауызша командалық айналымда жүргізілді.

Екінші сынып арасында жеке жазбаша кезең қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломымен дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің оқушысы Алина Ерченко, дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының оқушысы Василина Смирнова және Екібастұз қаласы №1 лицей-мектебінің оқушысы Рамиль Жаминов марапатталды.

Үшінші сынып арасында І дәрежелі дипломға дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының оқушысы Дмитрий Манин, дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің оқушысы Анастасия Григораш, Екібастұз қаласы №24 гимназия-мектебінің оқушысы Юрий Петров ие болды.

«Абсолюттік жеңімпаз» атағын дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының оқушысы Дильназ Уйсумбаева, дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің оқушысы Мирошников Глеб, дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің оқушысы Максим Стешенко жеңіп алды.

Төртінші сынып арасында І дәрежелі дипломын дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің оқушысы Юрий Шубладзе, Омбы қаласы №140 гимназиясының оқушысы Агния Погарская, Павлодар қаласы №42 ЖОББМ-нің оқушысы Олег Ковальчук иеленді.

Бас жүлде және кубок дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектебінің командасына табысталды.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам, математика, білім