Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Бектұров көшесі, 2/1 мекенжайы бойынша 10 қабатты тұрғын үйдің ең соңғы қабатында ұсталған жиһаз жанып, қызыл жалын 30 шаршы метрді шарпыған.

- Тілсіз жауды сөндіруге бір звено жұмылдырылып, 15 минут жұмыс істеді. Сондай-ақ оқиға орнына медициналық апаттар орталығының мамандары шықты. Өрт сағат 16.55-те ауыздықталып, 17.22-де толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда, - деді баспасөз қызметінде.

Ақбота Сейсенбаева

pavlodarnews.kz

Тэги: