Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық кәсіпкерлер Палатасының кәсіпкерлер құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді төмендету бөлімі басшысының м.а. Сейфолла Қасымқанов хабарлады.

- 2019 жылдың бірінші тоқсанында Палатаға кәсіпкерлерден 44 шағым түсті, - дейді Сейфолла Қасымқанов. – Олардың 15-сі оң шешілді. Былтырғы 12 айда 211 өтініш түсіп, олардың 105-і шешімін тапты.

Сейфолла Қасымқановтың айтуынша, биылғы шағымдардың 13-сі, яғни көбісі азаматтық-құқықтық қарым-қатынастар мәселесіне қатысты. Қалғандары мемлекеттік сатып алу, жер мәселелеріне бойынша.

Палатасының кәсіпкерлер құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді төмендету бөлімінің І санаттағы сарапшы Мүбәрак Жақыпов айтқандай, бизнес өкілдері алдында туындайтын әкімшілік кедергілер ішінде жерді жалға беру мәселесі төңірегінде жиі кездеседі.

Аталмыш мәселе облыстық Палата жанындағы кәсіпкерлер құқықтарын қорғау кеңесінде қарастырылады. Былтырғы жылы кеңес 10 отырыс өткізіп, 17 мәселені қарастырды. Олардың 11-і оң шешімін тапты.

Айбек Жұматов

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

pavlodarnews.kz

Тэги: кәсіпкерлер Палатасы, Сейфолла Қасымқанов, Мүбәрак Жақыпов, құқық