Ақсу қаласының әкімдігінде хабарлағандай, екі пәтерлі 28 үйдің жалпы ауданы 75 шаршы метр. Олардың құрылысына жергілікті бюджеттен 469 млн теңге бөлінді.

- Төртінші шағын ауданда коттедж қалашығы салынады, - дейді Ақсу әкімінің орынбасары Балтабай Қаппасов. - Көп балалы отбасыларға 75 шаршы метрден 28 пәтер беріледі. Тұрғын үйлердегі барлық коммуникациялар қосылады.

Жалға берілетін жаңа тұрғын үйге қоныстанушылар қыркүйекте көшетін болады.

Әкімдіктің мәліметі бойынша, тұрғын үйге кезекте 180 көп балалы отбасы тұр.

Естеріңізге сала кетейік, 1 мамыр күні Ақсу қаласында 102 пәтерлік үйдің тұсауы кесілді. Оның 70-і өмірде қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға берілді.

 Фото: Ақсу әкімдігі

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам