Өңір басшысы Болат Бақауов облыстық мәслихаттың кеңейтілген отырысында қала мен аудан басшыларына бюджеттік қаражатты пайдалану мен оларды жоспарлауды тиімсіз жүргізген тұлғаларға қатысты жауапкершілікті күшейтуді тапсырып, бұл бағыттағы бірқатар мемлекеттік органдардың қызметін қатаң сынға алды.

- Мысалы, облыстық денсаулық сақтау басқармасы бюджеттік заңнаманы бұзып, 2019 жылғы бюджетте белгіленген 2,3 млрд. теңгенің орнына құны 4,7 млрд. теңгелік медициналық құрал-жабдықтарды сатып алуға конкурс жариялаған, - деді Болат Бақауов. – Нәтижесінде конкурс тоқтатылды. Процедуралар қыркүйекке дейін созылып, облыс медмекемелері тоғыз ай бойы қажетті құрал-жабдықтарсыз отыруға мәжбүр болды.

Облыс әкімі атап өткендей, биыл өңірдің үшжылдық бюджеті аяқталады. Қазіргі кезде 2020-2022 жылдарға арналған жаңа бюджетті әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетейік, бүгінде облыс бюджеті 252 млрд. теңгені құрайды. 2016 жылмен салыстырғанда ол 1,5 есеге артқан.

Айбек Жұматов

Фото: Валерий Бугаев

pavlodarnews.kz

Тэги: Болат Бақауов, мәслихат, бюджет, медицина