Бұл Қазақтандағы осы тектес алғашқы, әрі жалғыз музей болмақ. Дәл осы күні 18:00 – 21:00 сағат аралығында жаңа нысанда «Музей түні» шарасы өтеді.

Аталмыш музей әлемнің ірі тарихи-жаратылыстану музейлерінің үлгісімен құрылған. Онда геология, физикалық география, ежелгі флора мен фаунасынан, Ертіс-Баян өңірінің палеозой заманынан бастап казіргі кезеңге дейінгі тарихын қамтиды.

Музейдің бірегейлігі – шынайы археологиялық және табиғи экспонаттардың заманауи мультимедиялық технологиялармен жарасымды үйлес тапқанында болып отыр. Оның жалпы аумағы 2400 шаршы метрден асады. Нысан бір демде 600 келушіні қабылдай алады. Олар үшін тоғыз экспозициялық зал жұмыс істейді.

 

Сондай-ақ, музейде реставрациялық зертхана, Gloss Vision атты виртуалды киім өлшеу алаңы, даңқты жерлестеріміздің өмірбаяны мен еңбектері, мұз дәуірінің ландшафты, Ертіс-Баян өңірінің флорасы мен фаунасының эволючиясы, «Қазқонақ» табиғи ескерткішін мекен еткен құстардың жасанды түрін көруге болады. Музейдің ерекше, қайталанбас экспонаттарының бірі – ежелгі мамонттың қаңқасы.

Музей заманауи мультимедиялық техникалармен жабдықталған: real-book кітабымен, ақпараттық touch-панелімен және заманауи инсталяциялар.

Ашылуына орай 2019 жылдың 13 желтоқсаны мен 2020 жылдың 13 қаңтар аралығында Ertis мультимедиялық музейіне тегін кіруге болады. Яғни, бір ай павлодарлықтарға және қала қонақтарына тегін қызмет көрсетеді.

Музей демалыс және мереке күндері де жұмыс істейтін болады (естеріңізге саламыз, 23.12.2019 ж. Музейлердің халықаралық демалыс күні).

Музейдің ашылуы: 14.12.2019 ж., сағат 10:00.

Музей түні: 14.12.2019 ж., 18:00 – 21:00 сағат аралығында.

Мекен-жайымыз: Павлодар қаласы, Исиналиев көшесі, 2.

pavlodarnews.kz

Тэги: Ertis музейі, Тәуелсіздік, тарих, мәдениет, Музей түні