Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Үкімет отырысында осындай мәлімдеме жасады. Сала жетекшісінің айтуынша, еліміздегі дәстүрлі сауда-саттықты алдағы уақытта электронды форматқа көшіру керек. Осы мақсатта және бағаны бақылау үшін жауапты министрліктің қолдауымен арнайы қосымша әзірленіп жатқан көрінеді. Бұдан бөлек елімізде тұтынушылардың құқығын қорғау үшін шағым қабылдауға арналған Бірыңғай ақпараттық жүйе құрылады.

Еске салайық, қазір Қазақстанда 2 мыңнан астам интернет-дүкен бар. Былтыр республика бойынша қолма-қол ақшасыз төлем 14 триллион теңгеден асқан.

Бақыт Сұлтанов, ҚР Сауда және интеграция министрі:

- Азық-түлік саудасын дамыту мақсатында «Onay Bazar» және «HappyFood.kz» электрондық платформаларын дамытуға қолдау көрсетілді. Олар тұтынушыға үйден шықпастан тауар сатып алуға мүмкіндік береді. Мәселен, базардағы сәбіз 100 теңгеден сатылса, Onay Bazarда 85 теңге тұрады.

pavlodarnews.kz

Тэги: