Orkin компаниясының өкілі Азамат Сәбитов атап өткендей, барлық жұмыстар ойдағыдай жүзеге асырылды. Дегенмен масаның белгілі бір бөлігі Павлодарға ұшып келді.

- 3-8 мамырда өткізілген авиаөңдеудің тиімділігі 90%-дан асты, - дейді Азамат Сәбитов. – Алайда өңдеу аумағының үлкендігін (12 мың гектар – автор түсіндірмесі) есепке алсақ, қалған 10% дернәсіл де аз емес. Айталық, статистика бойынша 216 миллиард маса дернәсілін жойсақ, 24 миллиарды өніп шықты. Солар желмен қалаға ұшып келді.

 Азамат Сәбитовтің айтуынша, масаның ересек формасына қарсы Ертіс өзенінің жағалауларында тосқауылдық өңдеулер жүргізілуде.

- Тосқауылдық өңдеу – бұл жәндік имаголарына қарсы химиялық барьер жасау, - дейді Азамат Сәбитов. – Өзен жағалауы, Усолка мен әлеуметтік маңызы бар нысандар өңделуде. Бұл жерде қалада жұмыс істеп жатқан мердігермен бірге кооперация құруға тырысудамыз. Өйткені, түптеп келгенде тұрғындар мердігердің қайсысы дезинсекциямен айналысқанын білгісі келмейді. Бастысы - қолайлы жағдай жасау.

Мердігер ұйымның өкілі айтқандай, 16 мамырдан бастап, яғни Ертіс арнасына қайтқаннан кейін өзен бойындағы алқаптарды өңдеу мүмкін болды. Ендігі уақытта мұнда күн сайын өңдеу жұмыстары жүргізіледі.

 Айбек Жұматов

 Фото: автор

 

 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам