Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында облыстық білім беру басқармасының басшысы  Дінислам Болатханұлы айтты.

-  Ата-аналарды толғандыратын өзекті мәселелердің бірі – ҰБТ, - дейді Дінислам Болатханұлы. -  Өкінішке орай,  тестілеуге қатыспайтын біздің жастарымыздың көбі басқа өңірлерге кетіп жатады.  Сондықтан балаларды ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу үшін ынталандыру қарастырылған.  200 гранттың  65-і педагогикалық, 100-і медициналық және 35-і инженерлік-техникалық мамандықтарға арналған. Қазіргі таңда біздің тарапымыздан нормативтік құжаттар дайындалған.  

Басқарма басшысы ата-аналар мен болашақ талапкерлер бұл жөнінде арнайы комиссия төрағасынан 32-01-61 телефон нөмірі бойынша біле  алатындығын атап өтті.  

- Грант тағайындау конкурсында әлеуметтік жағдайы төмен және арнайы топтағы жастар  артықшылыққа ие болу керек шығар. Білім беру туралы заңға сәйкес  категориялар белгіленген. Оның ішінде ауылдық жерлерден шыққан, бірінші және екінші топтағы мүмкіндігі шектеулі балалардың мүддесі ескерілген. Дегенмен тегін білім алу құқығы білім деңгейі жеткілікті азаматтарға берілуі  керек.  Өңір басшысының білім беру саласына баса назар аударып отырғанын атап өткім келеді. 2015 жылмен салыстырғанда қаржыландыру сомасы 36 пайызға артқан. Бүгінгі таңда бюджет 61,6 млрд теңгені құрайды, - дейді Дінислам Болатханұлы.

Ақбота Сейсенбаева

pavlodarnews.kz

Тэги: