Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі Ақан сатаевтың Instagram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Біз фильмге қатысты мәселенің бәрін егжей-тегжейді талқыладық. Фильмді түсіруге қаншалықты дайын екенімізді тағы бір тексеріп көрдік. Бәрі жақсы өтті және қолдау білдіріп, ақ тілектерін жаудырып жатқандарға көп рахмет. Тұмар патшайымның бала кездегі рөлін ойнауға үміткерлер тарапынан ішінде фотосуреті бар 5000 хат келді. Оның ішінде өзімнің туыстарым, достарым, таныстарымның да қыздары бар. Бұл рөлге бекіту әділ түрде, жоба басшыларының ортақ шешімімен қабылданады. Қорытындысын сіздерге міндетті түрде айтатын боламыз. Бәріңізге түсіністікпен қарағандарыңыз үшін және қолдай білгендеріңіз үшін тағы бір мәрте рахмет айтқым келеді», - деп жазды режиссер.

«Қазақфильм» киностудиясы Тұмар патшайымның бала кездері рөлін сомдағысы келетін 3-10 жас аралығындағы қыздарға кастинг жариялаған болатын.

pavlodarnews.kz

Тэги: