Оқу орны мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы өкілдерінің айтуынша, оқу-жаттығу үрдісін үзбеу үшін балалар мектеп базасында тұруда.

Дегенмен қолданыстағы жатақхана жас спортшылардың тұруы үшін мүлдем ыңғайсыз. Сондықтан интернатта болған аймақ басшысы Болат Бақауовтан жаңа жатақхананың құрылысына көмектесуді сұрады.

Мәселені шешудің тағы бір жолы – оқу орнына жақын кез келген ғимаратты бөлу. Облыс әкімі екі ұсынысты да қарауға уәде берді.

Бүгінгі таңда мектепте 300-ге жуық бала спортпен айналысады. Мұнда спорттың бірнеше түрі: грек-рим, дзюдо, қазақ күресі, футбол, көркем гимнастика, шаңғы жарысы және таэквонда бойынша атлеттерді дайындайды.

Сонымен қатар аймақ басшысы құрылысшылар мен дәнекерлеушілерді дайындайтын құрылыс және коммуникация колледжінде болды. Бұл колледждің кез келген түлегі ірі өндіріс орнына жұмысқа тұра бермейтіні анықталды.

Болат Бақауов оқу орнының басшысы мен ұстаздарына колледждің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға назар аудару қажеттігін ескертті.


Томирис Бекжан

Суреттерді түсірген Валерий Бугаев

 

pavlodarnews.kz

Тэги: