Бұл туралы агенттікке отбасының танысы Юлия Коришкова мәлім етті.

-    Өкінішке орай, Петр Ткаченко 2 маусым күні өлі күйінде табылды, - деді Юлия Коришкова. – Денесі қамыстың арасынан анықталды.

Облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінде оқиға Усолка өзенінің Шаңғы базасының қасында болғанын айтты. ІІД-де табылған ер азаматтың денесі 73 жастағы Петр Ткаченкоға тиесілі екенін растады.  Қазіргі уақытта зейнеткердің неден көз жұмғаны анықталуда.

Естеріңізге сала кетейік, Петр Ткаченко 29 мамыр күні таңғы сағат жетіде үйінен шығып, қайта оралмаған.

 

Назым Қарабаева

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, оқиға, Павлодар