Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстанның Беларусь еліндегі Елшісі Ермұхамет Ертісбаев Астана қысқа мерзімде салынған ХХІ ғасырдың жалғыз астанасы екендігін және Қазақстан ғасырдың басында жаңа елорданы салған жалғыз ел болғанын атап өтті. Жаңа астананың дамуы бүкіл Қазақстанды түбегейлі өзгертіп, оны экономикалық және саяси тұрғыдан тұрақты мемлекет, жауапты және беделді халықаралық серіктеске айналдырды.

А.Евдоченко өз сөзінде жаңа елорданы салу идеясын ұсынып, оны жүзеге асырған Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін ерекше атап өтті. Ел Президентінің Астананы дамытуға үнемі назар аударуы және алаңдаушылығы оны Еуразиядағы серпінді дамып келе жатқан мегаполиске, қазіргі заманғы және бәсекеге қабілетті қалаға айналдырғанын айтып кетті. Іс-шара барысында Астана қаласына арналған фотокөрме және бейнебаяндар көрсетілді.


pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, «Zhasproject»