Бұл туралы Tengrinews.kz.

""Ғарышкерлер аман есен, денсаулықтарына зиян болмағандықтан, олар біздің көмегімізге мұқтаж емес. Оларға Ресей ТЖМ тікұшақтары ұшып шықты. Олар өздері алып кетеді", - деді Нұрахметов.

"Егер көмек қажет болса, біз көмектесеміз, алайда зымыран біздік емес, Ресей Федерациясына тиесілі, біз оларда не көмек қажеттілігін сұрадық. Олар көмек қажет еместігін айтты. Өздері оқиға орнына ұшып шықты", - дейді ол.

"Дәрігерлер Алексей Овчининнен де, Ник Хейгтенден жарақат іздерін таппады", - деп жазады РИА Новости Байқоңырдағы дереккөзінің сөзіне сілтеме жасап.

Еске салайық, Байқоңырда зымыран ұшыру кезінде төтенше жағдай болды. "Союз МС-10" бортында ресейлік ғарышкер Алексей Овчинин мен америкалық астронавт Ник Хейг болған. Олар аман-есен, байланысқа шықты. Іздеу және құтқару шарасына төрт тікұшақ жұмылдырылды. Тікұшақ бортында құтқарушылар мен дәрігерлер бар.

pavlodarnews.kz

Тэги: