Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Аудандық мәслихаттың депутаттары аймақ басшысы Болат Бақауов ұсынған Марат Ақтаевтың кандидатурасын қолдап дауыс берді. Бұдан кейін облыс әкімі жаңа басшыны жергілікті активке таныстырды.

Болат Бақауов аудан басшысына өзі басқаратын өңірге жаңа инвестициялар тарту, шағын және орта бизнестің дамуына жағдай жасау сияқты бірінші кезектегі міндеттерді жүктеді. Сондай-ақ, аймақ басшысы Марат Ақтаевқа демография мәселелерімен айналысып, еліміздің оңтүстік облыстары мен басқа аудандардан көшіп келетін адамдардың қоныстануына жағдай жасауды тапсырды.

Марат Актаев 1974 жылы Ермак ауданында (қазіргі Ақсу) дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар. 2006 жылы Инновациялық Еуразия университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша, ал, 2016 жылы осы университеттің магистратурасын аяқтап, экономика және бизенс магистрі дәрежесіне қол жеткізді.

Еңбек жолын 1998 жылы кәсіпкерлік саласында бастады. 2006-2007 жылдары «Цеснабанк» АҚ Павлодар филиалының Екібастұз қаласындағы №33 жеке қызмет көрсету орталығында тұтынушылық несие беру маманы болып еңбек етті. 2007-2013 жылдары –«Цеснабанк» АҚ Ақсу филиалы Банктік қызмет көрсету орталығының бастығы қызметін атқарды. 2013-2015 жылдары Ақсу қаласы кәсіпкерлік бөлімінің басшысы болды. 2015 жылдың наурыз-тамыз айлары аралығында Шарбақты ауданы әкімінің аппарат басшысы болып жұмыс жасады.

Жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін Ертіс ауданы әкімінің экономика және қаржы мәселелері бойынша орынбасары қызметін атқарды.

Фото: Валерий Бугаев

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, Май, аудан, әкім, басшылық, саясат