Павлодарлықтар ел чемпионатындағы кезекті ойынын тең нәтижемен аяқтады. Есеп 0:0. Бұл жолғы матчты негізгі құрамамен бірге көптен көрінбеген Тимур Мульдинов алғашқы минуттан бастады.

Бірінші таймда алаң иелері қонақтарға қарағанда жүйелі ойын көрсете білді. Алайда, шабуылдар ұйымдастырылғанымен қақпаға бағытталған қауіпті соққылар жасалған жоқ. Шабуылдарының көбін Карлос Фонсека ұйымдастырғанымен, оған пас берілетін кезде португалдық ойыншы ойыннан тыс қалып қойып отырды.

Екінші тайм да тең дәрежеде өрілгендей сезілді. Дегенмен, қарағандылықтар «Ertis» қақпасына бірнеше қауіпті соққы жасады. 80 минутта «Шахтер» футболшысы Еркебұлан Нұрғалиев айып добын орындап, қақпаға соққы жасады. Антон Цирин қағып жіберген добын қарсылас команданың қорғаушысы Евгений Ткачук қақпаға сала алмады.

82 минутта «Шахтер» футболшысы Нияз Шұғаев «Ertis» ойыншысына қарсы тәртіп бұзып, матчтағы екінші сары қағазымен алаңнан қуылды.

«Ertis» ФК бас бапкері Милан Миланович шабуылды аяқтау мәселесімен жұмыс жасайтынын айтты.

- Алғашқы 30 минут тартысты өтті, - деді бас бапкер. – Доп көбінесе алаң ортасында болды. «Шахтер» техникалық, допты бақылау жағынан мықты команда. Ойында бәрі дұрыс, тек шабуылды аяқтау болмады. Соққы жасайтын алаңда болып соққы жасалмады. Бұл мәселемен жұмыс жасаймын. Екінші таймда айтарлықтай жағдай орын алған жоқ. Манзорро шабуыл шебіне шыққанда ойын жүре бастады. Келесі ойында шабуылды аяқтауды жақсартамыз. Гол жібермегеніміз жақсы болды. Қолдаушыларға алғыс айтқым келеді. Әлі 17 ойын бар. Жағдайды түзетеміз деген ойдамын.

Айта кетейік, «Ertis» ФК биылғы маусымда 16 ойын өткізіп 14 ұпай жинады. 4 ойында жеңіске жетсе, 2 матч тең аяқталып, 10 ойында жеңіліске ұшыраған. 8 гол салып, 24 гол жіберген жерлестеріміз турнир кестесінің 9 орынына жайғасты.

Оразбек Саяхат
Фото: «Ertis» ФК

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, "Ertis", ФК, футбол, спорт