Облыс әкімі аппараты баспасөз қызметінің басшысы Азамат Бәйтенов хабарлағандай, өңіріміздің барлық мемлекеттік қызметшілері Арыс тұрғындарына көмек ретінде бір күндік жалақыларын аудара бастады.

- Павлодар облысының барлығы дерлік мемлекеттік қызметшілері бір күндік жалақыларын Арыс тұрғындарына аударуда. Мемлекеттік органдар қызметкерлері бір адамдай жұмылып, өз жалақыларының бір бөлігін көмекке зәру жандарға ерікті түрде аударып жатыр, - дейді Азамат Бәйтенов.

Айта кетейік, Павлодар облысында бес мыңнан астам мемлекеттік қызметші жұмыс істейді.

Естеріңізде болса, Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов Арыс қаласының 300 баласын сауықтыру лагерьлеріне қабылдауға әзір екендігін мәлімдеген болатын.

Сонымен бірге, Павлодарда Арыс тұрғындарына көмек жинау үшін тәулік бойы жұмыс істейтін арнайы пункт ашылды. Ол Кривенко, 25А мекенжайында орналасқан.

Айбек Жұматов

Фото: ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: Арыстағы жарылыстар, төтенше жағдай, мемлекеттік қызмет, қайырымдылық