ПМУ әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаментінің директоры Жастілек Уахитов университет қабырғасында төрт жыл оқитын студенттер студенттік декан мен колледждің студенттік директорын сайлайтынын атап өтті.

- Сайлау ашық дауыс беру арқылы өтеді, яғни, ереже бұзушылықтарға жол берілмейді, - дейді Жастілек Уахитов. – Бұл көшбасшы жастар оқу орнының болашағына бей-жай қарамайды. Аталған лауазым «Саналы ұрпақ» фронт-офисінің қызметі және студенттік өзін-өзі басқару шеңберінде енгізілді. Жұмыс жастар арасында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында жүргізілуде.

Студенттік декан мен директор болып сайланғандар студенттерді басқару, университеттің білім беру және ғылыми қызметіне араласа алады. Сонымен қатар, оларға жалақы қарастырылған.

Әр студент сайлауға қатысып, жоспарлар мен идеяларды жүзеге асыруға араласа алады. Жастар мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру аясындағы бастамалар, аймақтық және республикалық деңгейдегі жастар ұйымдарымен байланыс орнату, студенттік қауымдастықты университетегі жастар ұйымының жұмысына тарту бойынша жұмыс атқармақ.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, ПМУ