Жастар жасыл желек өсіп тұрған қоршауларда абаттандырып, газондарды ретке келтірді.

Ағаш отырғызу аймақтың экологиясын жақсартумен қатар, жас буын өкілдерін тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады.

- Экологиялық акцияларды Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау кезінде ғана өткізген дұрыс емес. Себебі, экология біз үшін ортақ мәселе. Сондықтан бұл мәселеге баршамыз назар аударсақ игі, - дейді университеттің жастар саясаты және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаменттің директоры Жастілек Уахитов.

Жастілек Уахитовтың айтуынша, бұл қозғалысқа жастарды көптеп тарту керектігін айтты.

pavlodarnews.kz

Тэги: