Бұл туралы облыстық білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы өзінің facebook желісіндегі парақшасында жазды.

- Бірден айта кетейін, жағдай менің жеке бақылауымда, - деп жазды Дінислам Болатханұлы. – Оқиғаның мән-жайы анықталатын болады. Қазір оқиға орнында Павлодар білім беру бөлімінің және қоғамдық денсаулықты бақылау органының өкілдері жұмыс жасауда. Жақын арада тексеру нәтижелері дайын болады.

Басқарма басшысы балалардың ата-анасынан кешірім сұрады.

- Білім ордасындағы оқиға біздің кінәмізден орын алмаса да, жауапкершілікті сезініп, денсаулықтарына қауіп төнген балалардың ата-анасынан үлкен кешірім сұраймын. Қазіргі уақытта бес бала емханада, бір бала үйінде ем қабылдауда. Дәрігерлер балалардың жағдайы қанағаттанарлықтай екендігін хабарлады. Тағы да атап өтейін, балалардың денсаулығы – ең маңыздысы! Олардың тезірек жазылып кетуін тілейміз.

Дінислам Болатханұлының айтуынша, жағдай анықталуда. Асхананы жалға алушының әрекеті тексерілуде. Шешім санэпидемиологтардың ресми қорытындысынан кейін шығады.

Фото: Sputniknews.kz

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, мектеп, асхана, балалар, денсаулық