Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.

ИИДМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Ардақ Өтепов бұған дейін "Қазаэронавигация" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының стратегиялық жоспарлау басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарды.

Өтепов Ардақ Төлтайұлы 1984 жылы Целиноград (Нұр-Сұлтан) қаласында дүниеге келген. Туған қаласында Басқару институтын, Алматыдағы Азаматтық авиация академиясын, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын және АҚШ-тың Калифиорния университетін тәмамдаған.
Өзінің еңбек жолын 2007 жылы Азаматтық авиация комитетінің ұшу қауіпсіздігін мемлекеттік қадағалау басқармасының авиациялық қауіпсіздік бөлімінің жетекші маманы болып бастаған.

2010-2011 жылдары басқарма сарапшысы, сосын 2014 жылға дейін халықаралық қатынастар басқармасының бастығы болды.

2014-2018 жылдары "Қазаэронавигация" РМК стратегиялық жоспарлау және сапа департаментінің ғылыми-техникалық ақпарат бөліміне басшылық етті.

2018 жылдан қазіргі уақытқа дейін "Қазаэронавигация" РМК стратегиялық жоспарлау басқармасы бастығының орынбасары лауазымында болды.

pavlodarnews.kz

Тэги: