Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 19.30-да тәртіп сақшылары Ак. Бектұров көшесінде орналасқан кальянның жұмыс істеу фактісін анықтаған. Ол жерге келген 5 адамның бірі кальян шегіп отырған. 

- Осындай бұзушылықтар Астана көшесіндегі кальян бөлмесінде де тіркелді. Тексеру кезінде екі клиент болған және олардың біреуі кальян қолданған. Аталған фактілерге сәйкес, бұл мекемелердің әкімшілері мен кальянды пайдаланушылар ҚР ӘҚБК 441-бабының 1-бөлігі бойынша (жекелеген қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салуды бұзғаны үшін) әрқайсысына 10 АЕК айыппұл салынды.

Сонымен қатар, меншік иелеріне қатысты ҚР ӘҚБК 462-бабының 3-бөлігі бойынша материалдар жинақталып, шешім қабылдау үшін Павлодар қаласының тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау басқармасына жіберілді.

Айта кетерлігі, жыл басынан бері облыста ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 441-бабымен қарастырылған 1322 бұзушылық анықталған. Оның ішінде кальян орындарының 27 иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

Фото: ашық көздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам, карантин, құқық бұзушылық