Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Атап айтқанда, «Қазгидромет» РМК мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысында желдің күші күндіз 23-28 м/с артады. Дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал.

Қызылорда облысында жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі.

Түркістан, күндіз Алматы, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан облысында шаңды дауыл болжанады.

Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз дауыл, бұршақ күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының жекелеген аумақтарында түнде және таңертең тұман болады. Кей жерлерінде жел 15-20 м/с артады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде бұршақ жаууы ықтимал.

Қостанай облысының кей жерлерінде жел 18 м/с күшейеді.

Қызылорда, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде өте қатты ыстық болады.

Қызылорда облысында, Түркістан, Жамбыл, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының кей жерлерінде, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі күтіледі.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: