Кәсіпорынның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, ол 25 мамырда ауысымын аяқтаған соң үйіне қайтқан. 28 мамырда ЖРВИ белгілері байқалған соң медициналық көмекке жүгінген.

- Компания қызметкері қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Онымен жақын қарым-қатынаста болған тұлғалар анықталды. Ал, тығыз қатынаста болған әріптестері компания басшылығының ұсынысымен коронавирусқа ПТР-анализ тапсыруға жіберілді. Олардың барлығы қазір үй карантинінде, - деп жазылған хабарламада.

Қызметкердің жұмыс орны мен барлық жүрген орындары СЭҚ қызметкерлерімен мұқият зарарсыздандырылды.

Бүгінде «Қазақстан алюминийі» АҚ қалыпты тәртіпте жұмыс істеп тұр. Өндірістік процестер қандай да бір өзгеріссіз жүзеге асырыла береді.

- Біз ауырған әріптесімізге барынша көмек көрсетеміз және оның тез арада сауығып кетуіне шынайы тілектеспіз. Біздің негізгі басымдығымыз – бізде жұмыс істейтін адамдардың, олардың отбасыларының және жергілікті қоғамдастықтардың әл-ауқатын арттыру, - дейді кәсіпорында.

«Қазақстан алюминийі» АҚ мен ERG өнімді тұтынушылар алдындағы міндеттемелерін одан әрі де толық көлемде орындау үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды.

Фото: Ольга Бугаева

pavlodarnews.kz

Тэги: Covid-2019