Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз хатшысының маманы Гаухар Сыздықова айтты.

-    Өрт туралы хабарлама кезекшілік бөліміне сағат 08.04-те түскен, - дейді Гаухар Сыздықова. - Оқиға орнында  департаменттен бір звено жұмыс істеді. Тілсіз жау жарты сағаттың ішінде толығымен сөндірілді. 15 адам саты арқылы өздері сыртқа шыққан болса, үш адамды  құтқарушылар алып шыққан. Қызыл жалын бір бөлмелі пәтердің төрт шаршы метр аумағын шарпыған.

 Қазіргі таңда келтірілген шығын көлемі мен өртің шығу себебі анықталуда. Зардап шеккендер жоқ.

Ақбота Сейсенбаева

 

    




pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам