Музей майталманы
тек шынайы ақпарат
Жарнамаберушілерге
қазрус
Правительство для бизнеса
109
Музей майталманы 13.10.2021

Музей майталманы

Бұқар жырау атындағы облыстық әдебиет және өнер музейі – өңірдің әдеби-мәдени өмірінен сыр шертіп тұрған бірегей мәдениет ошағы. Ертістің Павлодар өңірінен шыққан біртуар ғалымдар, өнер қайраткерлері және ақын-жазушылардың мол мұрасын жинақтап, жан-жақты зерттеп, елдің игілігіне жаратып отырған қазына аралы. Бастапқыда музей қорындағы құнды жәдігерлер саны төрт мыңға жуық болса, қазір елу бес мыңның үстінде.

 

Осындай қыруар қазынаны жүйелеп, көздің қарашығындай сақтап отырған музей қызметкерлерінің еңбегі орасан. Бүгінгі сөз бар ғұмырын музей ісіне арнаған майталман маман Мағзия Әбенова туралы болмақ. Музей саласына еңбегі сіңген қайраткер, Бұқар жырау атындағы облыстық әдебиет және өнер музейі директорының орынбасары Мағзия Қайырбекқызы экскурсия жүргізуші ретінде 36 жылдан бері табысты қызмет етіп келеді. Музей саласына көп жылдар бойы қажымай-талмай еңбек сіңірген жанның ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «Тәуелсіздік тұлғалары» облыстық жобасында жеңімпаз атануы – заңды.

- Музей – жанды организм, біздің тарихымыз, бүгініміз бен ертеңіміз. Туған жердің тарихы мен мәдениетін танып-білмеген адам елдің патриоты бола алмайды. Экскурсия жүргізуші туған жерін шексіз сүйіп, оның тарихын жақсы білуі керек, - дейді Мағзия Қайырбекқызы.

1990 жылдың 1 ақпанында облыстық әдебиет және өнер музейінің негізі қаланып, оған Бикеш Дүрманова жетекшілік етті. Жаңа музей XVIII ғасырдың ойшылы, аты аңызға айналған Абылай ханның кеңесшісі әрі көмекшісі Бұқар жырау есімімен аталды. 1992 жылдың 22 наурызында салтанатты түрде ашылған музейге кейін Роза Игібаева 26 жыл бойы басшылық етіп, рухани орданың қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосты. Музейге өлкетанушы, өнертанушы, журналист Айтжан Бәделхан, Қуандық Қалиев, Ербол Қайыровтар көп еңбек сіңірді. Ербол Мәтіұлы бүгінде музей директоры ретінде осы бағыттағы жемісті қызметін жалғастыруда. Еңбек жолын Г.Потанин атындағы тарихи-өлкетану музейінде бастаған Мағзия Әбенова кейін осында қызметке ауысқан.

Мағзия Қайырбекқызы – музейдің жәді-герлерінің ғана емес, ғимаратының тарихына дейін жетік білетін білікті маман. Музей ғимараты – Қазақстандағы ағаш сәулет өнерінің ең әдемі ескерткіші.

- 1897 жылы ескі сәулет үлгісімен салынған көз тартарлық ағаш үй кезінде мұсылман мешіті ретінде тұрғызылған көрінеді. Фаттах Рамазанов деген татар байы салдырған ғимарат талапқа сай болмай шыққан соң сатып жіберген. Айшықты оюлармен көмкерілген көрікті ғимараттың түрлі себептермен қолдан-қолға өтіп, бір ғасырдан соң рухани ордаға айналуында тылсым сыр бар», - дейді Мағзия Қайырбекқызы.

Ресейдің Алтай өлкесінде туып-өсіп, орыс мектебінде тәлім алған Мағзия Әбенова ана тілін өте жақсы меңгерген.

- Қазақ тілін меңгеруімізге әжем тікелей әсер етті. Себебі ол кісі бізбен тек қазақша сөйлесетін. Әжем орысша білмейді екен деп жүрсек, ана тілімізді ұмытып қалмауымыз үшін бізбен тек қазақша сөйлесіпті. Мен мектеп бітірген соң «біржола орыс болып кетпей тұрғанда елге көшейік» деп, отбасымызбен атамекенге көшіріп әкелді. «Отанды сүю – отбасынан басталады» деген сөз бекер айтылмаған, тілді үйренуде де отбасының маңызы зор. Ата-анасы қай тілде сөйлесе, бала да сол тілді меңгеріп, дүниетанымы қалыптасады.

Мұражайда бір тұлғаға қатысты жәдігер-лер жинақталады. Ал музейдің ауқымы кең. Салада тәжірибесі мол маманның ақыл-кеңесіне жүгінушілер де баршылық. Ескелдідегі атақты Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының мемориалдық мұражайында Мағзия Қайырбекқызының қолтаңбасы бар.

- 2018 жылы Мәшһүр Жүсіптің 160 жылдық мерейтойы өткен соң бір айдан кейін ғұламаның немересі Қажымұқан Пазылов Мәшһүр Жүсіптің мұражайы жаңа ғимаратқа көшірілетінін айтып, онда қойылатын жәдігерлердің құндылығы, мазмұнына қарай лайықты орналас-тырып беруді сұрады. Көп ұзамай барлық жәдігерлер экспозияция құру заңдылықтарына сай орналастырылды. Өзіме артылған сенімді ақтап шықтым деп ойлаймын. 2019 жылы құнды жәдігерлерге толы Мәшһүр Жүсіп мемориалдық мұражайы ашылды.

Музей қорында ел тарихында есімдері алтын әріптермен жазылған Ертістің Павлодар өңірінен шыққан тұлғалардың 15 мыңнан астам түпнұсқа жәдігері бар. Алтын қорда сақталған бағалы жәдігерлер қазақ ақындары, сазгерлері, ХХ ғасырдағы ойшылдардың жеке заттары, қолжазбалары, өздерінің қолынан шыққан бұйымдар, сазды аспаптар, құжаттар мен фотоматериалдар – музейдің баға жетпес құнды қазыналары.

Музей қызметкерлерінің ыждаһатты зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Қошке Кемеңгеров, Қадыр Тайшықов, Жүсіпбек Аймауытов сияқты қуғын-сүргінге ұшыраған ақын-жазушылардың өмірлерінен тың деректер, құнды құжаттар табылған. Ал осы жәдігерлердің музейден лайықты орын тауып, келушілердің көзайымына айналуында Мағзия Қайырбекқызының еңбегі зор.

Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі еліміздегі үздік музейлер қатарында. Биыл Бұқар жырау атындағы әдебиет пен өнер музейі мәдениет ұйымдары мен қызметкерлері арасында өтетін «Рухани қазына-2021» байқауында «Ең үздік әдеби музей» аталымына ие болды. Музейде халық ауыз әдебиеті, көне түркі жазбалары, музейге есімі берілген Бұқар жырау туралы баян ететін XVII-XVIII ғасыр әдебиеті, әдебиеттер достастығы залы, XX ғасыр әдебиеті, қазіргі заман әдебиеті залы, өнер залы бар.

Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған жазушы-драматург Жүсіпбек Аймауытовтың «Қартқожа» шығармасының түпнұсқасы сақталған. Дауылпаз ақын Иса Байзақовтың шапаны, жеке ыдысы және былғары әмиянын ақынның қызы Мақпуза Байзақова табыстаған. Шәкен Айманов кино өнеріндегі Алдар көсе рөлін сомдағанда киген бөрікті кейінірек Шәкен Аймановтың туыстары музейге тапсырған. Шәкен Айманов өмірінің соңына дейін киген тоны да сақтаулы. Иса Байзақовтың ауруханада жатқанда ұстаған шәйнегі, Жүсіпбек Аймауытовтың өз қолымен жасаған қағаз кесетін ағаш пышағы, т.б. заттары, Қамар Қасымовтың Нұтфолла Шәкеновке жасап берген домбырасы, белгілі аспапшы Тоқбай Жұмағұловтың балалайкасы - музейге келушілердің көзіне ыстық көрінетін, жүрекке ерекше әсер ететін құнды жәдігерлер. Музейде ғұлама Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің ташпиғы, бойтұмары, Қабдыкәрім Ыдырысовтың 1948 жылы жазылған «Ана», «Абай», «Әртіс» секілді алғашқы өлеңдерінің қолжазбалары, жеке күнделігі, домбырасы сақтаулы. 1926 жылы Қызылорда театрында Қошкенің «Алтын сақина» пьесасын сахналап, кәсіби театрдың негізін қалаған Ж.Шаниннің, сатирик Сәбит Дөнентаев, ақын Дихан Әбілев, Қалижан Бекқожин, Ахат Жақсыбаев, т.б. белгілі әдебиет-өнер қайраткерлерінің мұралары сақталған. Павлодар облысында тұратын Қазақстан Жазушылар одағы мүшелерінің туындылары музей төріне қойылған.

Жақында музейде ашылған «Өнер» залы өңірдің өнер қайраткерлерінің өмірі мен шығармашылығынан сыр шертіп тұр. Қазақ өнерінің жиырмаға жуық жарқын өкілінің музей қорында сақталған құнды жәдігерлер тұрақты экспозициядан орын тапты. Атап айтқанда, Жаяу Мұса Байжанов, Естай Беркімбаев, Құдайберген Әлсейітов, Тоқбай Жұмағұлов, Жабай Тоғандықов, Майра Шамсутдинова, Қамар Қасымов, Шахан Мусин, Шәкен Айманов, Кәукен Кенжетаев, Садық Кәрімбаев, Фаина Миронова, Иван Чистяков, Қуат Әбусейітов, Суат Әбусейітов, Байтен Омаров, Айтжан Бәделханов, Жанас Ысқақовтардың жеке заттары музей төрінде тұр. Бірегей мәдениет ордасын тамашалаған меценат Исламбек Салжанов атқарылған қыруар еңбекті бағалап, ұжымға деген ризашылықпен «Газель» автокөлігін сыйға тартыпты. Ұлт руханиятына жанашыр жандар көп болса, халқымыздың асыл мұрасы ғасырдан ғасырға жетері сөзсіз.

- Мағзия Қайырбекқызы әңгіменің майын тамызып айтқанда тыңдаған да арманда, тыңдамаған да арманда. Кез келген тақырыпта көсіліп сөйлей алады. Біз ол кісіні «энциклопедия» дейміз. Ұшан-теңіз біліміне, адамгершілік қасиеттеріне басымызды иеміз, - дейді Мағзия Әбенованың шәкірттерінің бірі, музей қызметкері Маржан Шайхимова.

Музей ісінің майталманы Мағзия Қайырбекқызының еңбегі лайықты бағаланып келеді. ҚР Мәдениет және спорт министрінің Құрмет грамотасымен, облыс әкімінің Алғыс хаттарымен, Құрмет грамоталарымен марапатталған. 2006 жылы Бурабайда өткен республикалық туризм сайысында «Ең үздік экскурсия жүргізушісі», 2018 жылы облыстық сайыста «Жылдың ең үздік жетекшісі», 2019 жылы өткен ұлттық сайыста «Қазақстан Республикасының үздік гид-экскурсоводы» аталымдарының жеңімпазы атанды. Мағзия Қайырбекқызы – ҚР «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, Қазақстан туристік қауымдастығының мүшесі, I санатты экскурсия жүргізушісі.

Мағзия Қайырбекқызының айтуынша, экскурсия жүргізуші алдындағы аудиториясына қарай бейімделуі тиіс. Мәселен, тақырыпты терең білетін ғалымдар, әде-
биеттанушылармен тең дәрежеде әңгімелесіп, балалар мен студенттер аудиториясына сол деңгейде әңгімелеу қажет. Музей маманы жан-жақты білімді болуы үшін кітапты көп оқып, кез келген сұраққа мүдірмей жауап беруі керек. Экскурсия жүргізуші тақырып бойынша білгенінің оннан бір бөлігін ғана айтып, экскурсияға қатысушыны барынша қызықтырып, туған жері, біртауар тұлғалар туралы ізденуге ынталандыру қажет.

Түйін:

 

«Тәуелсіздік тұлғасы» - өмірден орнын тапқан, сүйікті жұмысы, мамандығы бар қалыптасқан адам болуы керек. Сүйікті ісіне деген адалдық адамды жетістіктерге жетелейді. Қазіргі таңда жұмысты жан-жақты жетілдіре түсуге мүмкіндік мол. Тек қана осы жолда аянбай тер төгу қажет. Мәдениет саласында көп жылдар бойы қызмет етіп, осындай жетістікке жету мен үшін зор қуаныш, - дейді майталман маман Мағзия Әбенова.

 

Торғын ОРАЗАЛЫ

 


Количество показов: 498

Возврат к списку

Pavlodarnews.kz АА материалдарын қолдану ережелері

Правительство для бизнеса
109

Жаңалықтар тізбегі

Полицейлер Павлодар облысы 2500 құқықбұзушылықтың жолын кесті
18:33 09.12.2021  7

2021 жылы қазақстандықтар Google-да ең көп іздеген мәліметтер
18:13 09.12.2021  9

«Нұротандықтардың» Павлодардағы бас ХҚКО-ның жұмысына көңілі толмайды
17:42 09.12.2021  15

Нұр-Сұлтанда жаппай төбелеске қатысушылар ұсталды
17:11 09.12.2021  18

Павлодарда жас ақындардың тәуелсіздікке арнаған жыр жолдарының жинағы жарық көрді
16:48 09.12.2021  72

Қарағандыда ірі аудандардың бірінің атауы өзгертілді
16:26 09.12.2021  21

Мереке қарсаңында Ертіс ауданының құтқарушыларына сыйлықтар тапсырылды
16:01 09.12.2021  26

Қазақстанда алғашқы 5G-қала іске қосылды
15:28 09.12.2021  31

Павлодар облысының бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы: Не өзгерді?
15:08 09.12.2021  40

Қазақстан жолдары: Сала мен сапа
14:35 09.12.2021  29

Өңірімізге еңбек сіңірген бірқатар адамдарға «Павлодар облысының құрметті азаматы» атағы берілді
14:06 09.12.2021  34

Шарбақты ауданы тазаланбаған жолдар үшін Павлодар компаниясымен соттасуда
13:02 09.12.2021  36

Қазақстанда цифрлық теңге қашан енгізіледі: Ұлттық банк жауабы
12:35 09.12.2021  32

Павлодарда «Есіңе мені алғайсың» премьерасы өтеді
12:03 09.12.2021  41

Павлодарлық дәрігерлер көлік қағып кеткен қыздың жағдайы туралы айтты
11:30 09.12.2021  47

Павлодарлық тұрғыннан психотроптық зат тәркіленді
11:08 09.12.2021  49

Екібастұзда өрт сөндіруші түтін басқан пәтерден төрт жасар баланы алып шықты
10:39 09.12.2021  22

Павлодар облысының алты ауданында бастауыш сыныптар аязға байланысты онлайн режимге ауысты
10:07 09.12.2021  48

Экономикалық көрсеткіште оң өсім көрсеткен өңірлердің бірі - Павлодар облысы
09:35 09.12.2021  46

COVID-19: Павлодар облысында тәуліктік көрсеткіш жаңартылды
09:03 09.12.2021  21

Павлодарда зейнеткер жасөспірімді қағып кетті
08:41 09.12.2021  78

9 желтоқсан күні Павлодар облысында аяз болады
08:04 09.12.2021  52

Биліктің мұрны «иіс сезбей» отыр. Ақылы сырғанақтың жыры. Суық пәтерде бүрсеңдеуде.
22:14 08.12.2021  52

«Омикрон»: Жаңа штамм қаншалықты қауіпті?
21:40 08.12.2021  66

Павлодарда музыка мектебінің түлектері ерекше концерт өткізді
21:06 08.12.2021  31

Жүрсін Ерманның эфиопиялық күйеу баласы отбасылық суреттерін жариялады
20:33 08.12.2021  82

Павлодар облысының бас дәрігері: Қонаққа баруды қою керек
20:07 08.12.2021  74

Covid-19: Павлодар облысында өкпесі толық зақымданған жаңа босанған әйел көз жұмды
19:35 08.12.2021  75

Коронавирусқа қарсы вакцина алуы тиіс павлодарлықтар қашан толық екпе алады?
19:04 08.12.2021  82

Қазақстандық дәрігерлерге үстемеақы төленеді
18:28 08.12.2021  81

Павлодар облысына жалғыз Олимпиада жүлдесін ұтып берген спорт түрінің халі қалай?
18:12 08.12.2021  115

Ревакцинация: ҚР Бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты
17:43 08.12.2021  95

Павлодар облысында байқаудан соң төбелес шығарған әйел сот алдында жауап берді
17:03 08.12.2021  87

«Отбасы банк» біржолғы зейнетақы төлемін алуға байланысты мәлімдеме жасады
16:36 08.12.2021  97

Павлодарлық хирургтар күйіктен кейін бірегей ота жасайды
16:04 08.12.2021  107

Мәскеуде аты аңызға айналған "Дос-Мұқасан" тобы туралы фильм трейлерінің премьерасы өтті
15:37 08.12.2021  84

Павлодарлық келіншектен 5 млн теңге жымқырған Омбы тұрғыны әуежайда қолға түсті
15:06 08.12.2021  113

Қай жастағы балалар коронавирусты жиі жұқтырады
14:24 08.12.2021  95

Павлодарда қант зауытын әзірлеуге Түркия компаниясы кірісті
13:32 08.12.2021  102

Павлодарлық ветеринар Грэпплинг Ги спортынан ел чемпионатының жүлдегері атанды
13:07 08.12.2021  100

Әлемде соңғы бір аптада коронавирустан қайтыс болғандар саны 10% өсті
12:29 08.12.2021  101

Павлодар облысында ірі қара мал сатып алған шаруалар тығырыққа тірелді
12:01 08.12.2021  120

Қазақстан халқының ішінде қазақтардың үлесі 70 пайызға жетті
11:34 08.12.2021  105

Павлодарға Түркиядан келген профессор IT студенттеріне дәріс оқиды
11:02 08.12.2021  143

Қазақстандықтар ақшаларын қалай сақтайды?
10:33 08.12.2021  124

Ақсуда спорт кешенінде Өзбекстан азаматтары заңсыз жұмыс істеген
10:02 08.12.2021  121

COVID-19: Павлодар облысында эпидахуал тұрақты
09:33 08.12.2021  121

Ресейде коронавирустың «омикрон» штамы анықталды
09:01 08.12.2021  116

Испания құрамасының бұрынғы футболшысы «Ақсуды» жаттықтыруы мүмкін
08:23 08.12.2021  170

8 желтоқсан күні Павлодар облысында аяз болады
08:01 08.12.2021  122

Усолка шағын ауданында кейбір үйлерде су болмайды
21:07 07.12.2021  144

«Жеңілдікпен массажер сатамын»: Павлодарда алаяқтар зейнеткерді алдап кеткісі келген
20:32 07.12.2021  153

Павлодар облысында бала емізетін 600-ге жуық әйел Pfizer екпесін алған
20:07 07.12.2021  155

Павлодарда алимент төлеуден жалтарған ана ұсталды
19:22 07.12.2021  168

Павлодарда Тәуелсіздік құрдастары арасында байқау өтеді
19:05 07.12.2021  160

ДДСҰ безгектен өлім көбеюі мүмкін екенін мәлімдеді
18:35 07.12.2021  150

Павлодар облысында мемлекеттік шекарадан ресейлік екі азамат өте алмады
18:04 07.12.2021  173

Парижде Абай бюсті ашылды
17:40 07.12.2021  175

Павлодарда металлургия бойынша диссертациялық кеңес ашылды
17:01 07.12.2021  198

Цукерберг WhatsApp-қа қосылған жаңа функцияны таныстырды
16:34 07.12.2021  196