Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы өсімдік шаруашылығы және механизация бөлімінің бас маманы Байболат Рахымжанов мәлімдеді.

-  Қазіргі аудандардың күнделікті жедел ақпараттары бойынша облыс көлемінде тұқым себу 99 пайыз аяқталды, - деді Байболат Рахымжанов. – Жоспар бойынша 6-маусымда барлық жұмыс аяқталуы керек еді. Ең көп бөгелген Ертіс ауданы. Қалған бір пайыз осы ауданға тиесілі. Есептер нақтыланғанда өзгерістер болуы мүмкін.

Жаздық егіс алқабына картоп, көкеніс, мал азығы дақылдарын себу  101 пайыз орындалды. Бақша дақылдары – 2820 гектарға 100 пайыз себілсе, дәнді дақылдар мен майлы дақылдар  – 99 пайыз жерге егілді.

Айта кетейік, барлығы жаздық егістік алқаптың көлемі 1 млн 113 мың 100 гектарды құрады.

 

Оразбек Саяхат

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, Павлодар, Павлодар облысы, ауылшаруашылығы