Медициналық мекемеде мұндай ерекше білезіктің бірқатар техникалық сипаттамалары бар екенін айтады.  Бұл құрылғы арқылы қан қысымы мен  жүрек соғысын, дене қызуын, тіпті, күйзеліс деңгейін өлшеуге болады.

 Wi-Fi желісіне қосылудың арқасында барлық мәлімет авоматты түрде медбике мен дәрігердің  смартфонына және компьютерге келіп түседі.  Бір сөзбен айтсақ, мәліметтерді салыстыру әрі тапсыру 10 секунд сайын жүргізіледі.

Су өткізбейтін және шан-тозаңнан қорғайтын  білезіктің геолокация қызметі бар. Сол арқылы медициналық қызметкерлерге науқастардың емхана бойынша жүріп-тұруын қадағалауға мүмкіндік береді.

-  «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында апробация үшін үш білезік сатып алдық, - дейді орталық директоры Әділ Дүржанов. - Алдағы уақытта тағы да 100 данасын аламыз. Бірінші кезекте ерекше бақылауды қажет ететін науқастарға көңіл бөлінеді. Емханада 220 орын бар. Болашақта диагностикалық білезіктерді бізде ем қабылдап жатқан барлық науқастарға беріледі.

Аталмыш құрылғы жедел шақыру батырмасымен, жарықтандыру индикаторымен  және екі жақты микрофонмен жабдықталған. Сол арқылы науқастың қанша қашықтықты жүріп өткенін  өлшеп, дәрі-дәрмек қабылдау уақытын еске салып отырады.

Білезіктер  кардиологиялық орталықтың есебінен сатып алынды.


Томирис Бекжан

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам