Мамандандырылған қалалық әкімшілік сотының баспасөз қызметінде жеткізгендей, сот процессі барысында қоғамдық орында темекі тұқылын жерге тастап, бұзақылық жасаған екі азаматқа қатысты істер қарастырылды.

- Сот қаулысымен екі азамат әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 434 бабының 1 тармағы бойынша кінәлі деп танылды, - деп хабарлады сот баспасөз қызметі. – Кінәлілерге әкімшілік жаза қолданылды. Мәселен, бір азамат бір тәулік бойы әкімшілік қамаумен, екіншісі – бес АЕК көлемінде айыппұл төлеумен жазаланды.

Сот баспасөз қызметінің мәліметтерінше, көрнекі сот процесстері 2016 жылдан бері өткізіліп келеді.

Енді студенттер қоғамдық орындарды ластаған адам айыппұл төлеп қана қоймай, тіпті әкімшілік қамауға алынатынына көздері жетті.

Арслан Ғалымбек

Фото: мамандандырылған қалалық әкімшілік сотының баспасөз қызметі

pavlodarnews.kz

Тэги: сот, көрнекі сот, түсті металлургия колледжі, бұзақылық