Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«МӘСҚ барлық азаматтарды бейресми көздерден тараған ақпараттарға сенбеуге, әлеуметтік желіде тараған күмәнді сипаттағы барлық ақпаратқа сын көзбен қарауға, ресми көздерден тараған ақпараттарға ғана сенуге шақырады», - делінген хабарламада.

Ведомства жалған ақпарат таратқаны үшін заңнамалық тұрғыда жауапкершілік барын еске салды.

«МӘСҚ тіркелген факт бойынша процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жүгінді», - деп қосты баспасөз қызметінен.

pavlodarnews.kz

Тэги: