Енді аймақтық филиалды бұған дейін Астана қаласы бойынша мемлекеттік корпорация филиалы директорының орынбасары қызметін атқарған Фархат Әлімов басқарады.

«Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Фархат Әлімов өзінің еңбек жолын халыққа қызмет көрсету орталығында 2010 жылы инспектор қызметінен бастаған. Бұдан кейін мемлекеттік корпорацияда түрлі лауазымдарда қызмет етті.

Мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуынша, жас жетекшіге үлкен үміт артылып отыр.

- Қазіргі уақытта біз фронт-офистерді жаңғырту, автоматтандыру және көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру бойынша үлкен жұмыс жүргізудеміз, - деді Абылайхан Оспанов. – Біз қазіргі заманғы үрдістерден қалыс қалмай, ілгері дамуымыз шарт. Сондықтан жаңа басшымен бірге филиал жұмысына жаңа тыныс беріліп, жұмысы жанданады деген ойдамын.

Сондай-ақ қызметтік іссапары барысында басқарма төрағасы Павлодар қаласындағы фронт-офистер мен цифрлық ХҚО-ға барып, Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовпен кездесті.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, ХҚКО, қоғам