- Ленин кентінің әкімі болған Болат Файзуллиннің басқа қызметке ауысуына байланысты жаңа әкімді сайламақпыз, - деді Павлодар қаласы мәслихатының хатшысы Зәуреш Мұқашева. – Бүгінгі сайлауға 23 дауыс берушінің 18-і қатысып отыр.

Кент әкіміне кандидат ретінде Марат Қожахметов, Қанат Шайғазин және Маржан Алшынбаева тіркелген. 18 депутат екі кабинаға кіріп өз таңдауларын жасады.

Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Александр Маржықбаев жариялаған қорытынды бойынша 13 дауыс жинаған Маржан Алшынбаева әкім болып таңдалды.



- 5 күн ішінде сайланған кандидатты тіркеп, қажетті құжаттарды қалалық әкімдікке жібереміз, - деді Александр Маржықбаев.

Айта кетейік, Маржан Алшынбаева 1968 жылы Новосібір облысы, Қарасұқ ауданы, Нижне-Баяновка ауылында туған. Ұлты – қазақ. Жоғары білімді.

1991 жылы Новосібір мемлекеттік педагогикалық институтын физика пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Екібастұз қаласында бастаған.

1989-1997 жылдары Екібастұз аймағында физика және математика пәндерінің мұғалімі болып жұмыс жасады. 1997-2001 жылдары Екібастұз қаласы, Солнечный кентінің №16 мектебінде директордың орынбасары болды. 2001-2007 жылдары аталған мектептің директоры қызметін атқарған.

2007-2011 жылдары Екібастұз қаласы №13 мектебінің директоры болса, 2011-2019 жылдары Екібастұз қаласы, Солнечный кентінің әкімі болып қызмет атқарды.

Оразбек Саяхат
Фото: Индира Лятина

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қала, Ленин кенті, әкім, сайлау