Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, тұрғындар бірден бір-біріне жалған ақпарат жібере бастаған.

Тәртіп сақшылары жалған аудио хабарламаның таратушысы 28 жастағы облыс орталығының тұрғыны екенін анықтады.

- Аталған фактіге қатысты ӘҚжҚРК 478-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сот шешімімен қызға 40 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Бүгінгі таңда облыстың 3 тұрғыны төтенше жағдай режимінде жалған ақпарат таратқаны үшін жауапқа тартылды, - дейді департаментте.

Полиция департаменті тұрғындарға шындыққа жанаспайтын жалған ақпаратты таратпауды қатаң ескертеді. Төтенше жағдай кезінде жасалған бұл әрекет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жазаланады.

Сондай-ақ, азаматтар сенімді ақпарат алу үшін тиісті мемлекеттік органдармен байланысуы керек.

Мұндай фактілерді анықтау үшін полиция күн сайын әлеуметтік желілерді бақылап отырады. Полиция арандатушыларды анықтау үшін барлық қажетті техникалық мүмкіндіктерге ие.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: covidk