Облыстық білім беру басқармасы ұсынған мәліметке сүйенсек, бұл мақсатта қаражат бюджет пен демеушілік көмек есебінен жұмсалған. Монтессори әзірлеген әдіс баланы өзін-өзі тәрбиелеуге, өздігінен үйренуге, өздігінен дамуына ынталандыруға бағытталған. Педагогтың міндеті – оған өз қызметін ұйымдастыруға көмектесу. Педагог Монтессори сыныбында балаға дидактикалық материалдар – түрлі ойындар мен бейімделу арқылы әрекет етеді.

Мұнда бірқатар аймақтар қамтылған. Мысалы, нақты өмір аймағында орналастырылған материалдардың көмегімен бала өзін және өзінің заттарын қадағалауды, тұрмыстық заттарды пайдалануды үйренеді. Ілгектерді пайдалана отырып (түймелер, кнопкалар, сыдырма ілгек, тоқымалар, тиреуіш, баулар мен банттар), бала өздігінен киінуді, күнделікті өмірде өз-өзіне қызмет етуді, ыдысты пайдалана білуді үйренеді.

Сенсорлық даму аймағында бала қоршаған ортаны зерделеу кезінде өз сезімін пайдалану мүмкіндігіне ие болады. Түрлі танымдылық дидактикалық материалдар арқылы балалар  биіктікті, ұзындықты, салмақ, түс, шу, иіс және түрлі заттардың пішінін ажыратуды, қабылдай білуді меңгереді.

Тілдік және математикалық даму аймағы балалардың танымдылық қызығушылығы мен ақыл-ойының дамуын қамтамасыз етуге ынталандырады. Барлық материалдар мен модульдер шағын моториканы дамытуға бағытталған.

- Балаға сенім арту өте маңызды. Бұл кабинеттің пайда болуы біздің тәрбиеленушілеріміздің дені сау және толыққанды тұлға болып қалыптасуына мүмкіндік беретіндігіне сенім зор, - дейді мектеп-интернаттың басшысы М. Насонов.

pavlodarnews.kz