Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде  және сағат 23.00-ден кейін үйлерінен тыс жерлерде жүрген кәмелетке толмағандар арасында жүргізілген рейдтер барысында кәмелетке толмағандардың 957 заңды өкілі әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ 28 кәсіпкерлік субъектісі кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерінде болуына рұқсат бергені анықталды.

- 2020 жылдың ағымдағы кезеңінде кәмелетке толмағандарға алкоголь сатумен 132 сатушы айналысса, 27 сатушы темекі өнімдерін сатқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Рейдтік іс-шаралар барысында 159  отбасы анықталып, профилактикалық тіркеуге алынды. Сонымен қатар 87 ата-ана ата-аналық құқығынан айырылды немесе шектеу қойылды, - дейді департаментте.

Ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың балаларын ҚР ӘҚБК 127-бабына сәйкес тәрбиелемегені үшін 241 заңды өкіл жауапқа тартылған.

Тәртіп сақшылары ойын-сауық орындарында заңды өкілдердің сүйемелдеуімен балалар мен жасөспірімдердің бар болғаны 22 сағатқа дейін болуы мүмкін екенін еске салады. Заңды өкілдерсіз көшеде 23.00-ге дейін тұруға рұқсат етіледі.

-  Ата-аналар көшеде түнде жүрген кәмелетке толмаған баласы қылмыстың объектісі немесе объектісі бола алатындығын түсінуі керек. Жай сөзбен айтқанда, оны ренжітеді, тонайды, ұрады немесе өзі қандай-да бір қылмыс жасауы мүмкін. Бүгінгі таңда кәмелетке толмағандардың 54 қылмысы тіркелді, - дейді  департаментте.

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам