Бұл туралы агенттік тілшісіне Екібастұз қаласы дәне тәрбиесі және спорт бөлімінің әдіскері Әдемі Кенжехан айтты.

-Жарысқа Павлодар облысы, Павлодар қаласының спорт-интернаттары, Баянауыл, Лебяжі, Май аудандары, Екібастұз аймағынан командалар келді. Барлығы120-дан астам балуан қатысты, - дейді Әдемі Кенжехан. - Жалпы командалық есепте Екібастұз қаласы №3 БЖСМ-нің командасы үздік нәтиже көрсетіп бірінші орынды иеленді. Құрама қоржынында төрт алтын, жеті күміс, сегіз қола медаль бар. Екінші орында Павлодар қаласының спорт мектебі. Үздік үш команда тізімін Баянауыл спорт мектебі түйіндеді.

Жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері   дене шынықтыру және спорт бөлімінің  дипломдары, медальдары  және жүлделерімен марапатталды.

Мейрамбек Оразай

pavlodarnews.kz