Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі хабарлайды.

Ақпаратты бүгін Үкімет отырысында 2018 жылдың 1 тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы жайында баяндама жасаған ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек айтты.

Құрылыс бойынша нақты көлем индексі 102,1 пайыз болды. 3 аймақтан басқа барлық облыстарда оң динамика бар. Астана қаласы, Павлодар және Атырау облыстарында құрылыс қарқыны төмен. Инфрақұрылым жобаларында - 28, тұрғын үйде - 28, өнеркәсіп құрылысында 6 пайызға құрылыс-монтаж жұмыстарының өсімі байқалды», - деді ол. Министрдің айтуынша, тұрғын үй және басқа да ғимараттарды салу кезінде үлкен көлемде құрылыс-монтаждау жұмыстары орындалды. Олардың қатарында тас жолдар, темір жолдар, көпірлер, және тунельдер құрылысы, мұнай, газ магистралдық құбарлар, инженерлік коммуникация желілері, сонымен қатар басқа құрылыс жұмыстары бар. «Тұрғын-үй саласына 274,8 млрд теңге инвестиция құйылды. Ол былтырғы жылдың деңгейінен 17,5 пайызға жоғары. Жалпы көлемі 3,6 млн шаршы метр болатын тұрғын үй пайдалануға берілді. Тұрғын үйлерді пайдалануға беру жылдық жоспардың 29,7 пайызын құрады. Жалпы республика бойынша 31 442 баспана пайдалануға берілді, оның ішінде 11 812 жеке үй бар»,- деді Жеңіс Қасымбек.

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам