Бұл туралы РИА Новости агенттігі Оңтүстік Корея ақпарат құралдарына сілтеме жасап хабарлады, деп жазады  tengrinews.kz.

Ол 17 мамырда Сеул қаласында ауруханаға жатқызылған. Жыл басынан бері оның миына бірнеше ота жасалған және жағдайы нашарлай берген. Ақыры ол ем алудан бас тартып, отбасының жанында көз жұмды. Ку Бон Му 1995 жылы әкесі Ку Чжа Геннен корпорацияның басшылығын мұраға алған, бұл корпорация LG Electronics өнімдерінің арқасында халықаралық деңгейде танымал болды. Ренхап агенттігінің хабарлауынша, LG компаниялар тобын басқару марқұмның кіші інісі Ку Бон Чжунға беріледі, ол корпорация төрағасының орынбасары. Ку Бон Мудың артында екі қызы мен асырап алған 40 жастағы ұлы Ку Гван Мо қалды, ол болашақта LG басшысы болуы мүмкін.

pavlodarnews.kz

Тэги: