Қала әкімі Қайрат Нүкенов өндіріс кеншілерін жетістіктерімен құттықтап, ерең еңбектері үшін алғысын білдірді.

- Көмірдің бір миллионыншы тоннасын өндіру қала күнімен тұспа-тұс келгені қуантады, - деді әкім. – Сіздерді қала үшін тарихи оқиға - көмірдің мерейтойлық тоннасын өндірумен шын жүректен құттықтаймын. «Шығыс» алабында жаңа технологияларды еңгізу еңбек өнімділігін бірнеше есеге арттыруға мүмкіндік берді. Өндірісте қолданылатын жаңа инновациялық технологиялар мен индустриалдық   жобалар Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатып, Екібастұз қаласының әл-ауқатына әсер етеді.

«Шығыс-2» алабы мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлесін қосады. Қазақстанда өндірілетін көмірдің 60 пайызы аталмыш өндірісте шығарылады.

Айта кетейік,  «Шығыс-2» жобасын жүзеге асыру жалпы разрез бойынша ашу коэффициентін төмендетуге және көмір өндіруге жұмсалатын шығынды азайтуға мүмкіндік береді. Жаңа алапты аршу және қазу жұмыстарын қолданыстағы құрылғымен атқаруға мүмкіндік беретін технологиялар әзірленген. Көмірді тасымалдау үшін төрт жаңа конвейер құрастырылды және қолданыстағы біреуі ұзартылды. Олардың жалпы ұзындығы - 1610 метр.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: общество, Павлодар, Павлодарская область