Жағалауда «Потому что нельзя быть на свете красивой такой», «На краю», «Теряй», «Я один и ты одна», «Я куплю тебе новую жизнь» сияқты әр жылдардағы ескірмейтін әндер шырқалды.

Музыкалық ұжымның әншісі Денис Косякин еліміздің және Павлодар облысының  денсаулық сақтау саласында еңбек етіп жүрген жандарды кәсіби мерекемен құттықтады.

- Бұл құрмет ерекше адамдарға арналған, - деді әнші. – Себебі,  біздің жағдайымыз олардың денсаулығы мен еңбегіне байланысты. Бұл - ең батыл мамандықтардың бірі. Адамзатқа жасап жатқан еңбектеріңіз үшін зор алғыс. Кәсіби шеберлік пен жылы жүректеріңіз үшін ризамыз. Сіздерді жақсы көреміз әрі жоғары бағалаймыз. Мықты денсаулық пен бақыт тілейміз. Кез келген мамандық көп уақыт алады және ішкі жағдайға әсер етеді. Сондықтан жан тыныштығы мен көтеріңкі көңіл күй тілейміз!

«Белый орел» тобы кеше ғана мектеп бітірген түлектерін де құттықтады. Шара би кешімен және мерекелік отшашумен аяқталды. 

Қала күніне орай шаралар  топтамасы басталған Екібастұзда «Земляне» тобы тұрғындардың алдында өнер көрсетті.

Еске сала кетейік, биыл жазда Павлодар облысы Қазақстанның түкпір-түкпірінен және көрші елдерден қонақтар келетін орынға айналуы тиіс. Әрбір демалыс сайын үш ай бойы Ertis Promenade сахнасында отандық және шетел жұлдыздары концерт береді. Туристер Гагарин саябағынд 26 киіз үй орналасқан этноауылды аралап, Ертіс өңірінде дүниеге келген жерлестеріміздің мерейтойына куә бола алады. Нақтырақ айтсақ, биыл Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының 160, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 125, Бұқар жыраудың 350, Естай Беркімбаевтың 150 және Мұса Шормановтың 200 жылдығы кең түрде мерекеленеді. Сонымен қатар, үш күндік «Ұлы дала елі» этнофестивалі жоспарланған.

Томирис Бекжан
Фото: Светлана Воронова

pavlodarnews.kz

Тэги: рухани