- Жағалауда велоспиед белгілеріне қатысты жаяужүргіншілер мен велосипедшілердің арасында түсінбеушілік туындайды, - дейді ол. – Қазіргі веложол бастапқыда жаяу жүргіншілердің аумағында салынған. Велосипедтерді жалға берумен 2010 жылдан бері айналысамыз. Дамыған елдерде шағын сәулет нысандары арқылы бөлініп тұрса, бізде тек қана белгілермен шектеледі. Веложолдарды жаяу жүргіншілер жолынан бордюрлар, жасыл белдеу және орындықтармен бөлуге болады. Бұл қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, белгіленген ережені сақтауға міндеттейді.

Қала әкімі Ануар Күмпекеев осымен төртінші рет өткізіліп отырған «Кәсіпкер сағатында» түскен 51 сұрақтың 70 пайызы жер қатынасына байланысты екенін айтады.

- Жаяу жүргіншілер мен велоспипедшілер өзара бір шешімге келе алмай отыр, - дейді әкім. - Бұл әлеуметтік желілерде де өзекті мәселеге айналған. Осыған қатысты 10 күннің ішінде жағалау аумағындағы белгілерді өзгерту туралы тапсырма берілді.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: автор

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам