Бұл туралы Ertis ФК баспасөз қызметі мәлім етті.

- Клубымыздың баспасөз орталығында облыс әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбек клубтың жаңа директоры мен өңірлік футбол федерациясының басшысын таныстырды, - деді баспасөз қызметінде. – Бұған дейін директор болған Ардақ Торсықбаев басқа қызметке ауысуына байланысты міндетінен босатылды.

Ertis ФК директоры болып Серік Омарханов бекітілді.

Сонымен қатар, Ұлан Жазылбек облыстық футбол федерациясының президенті болып Ойрат Садуов тағайындалғанын атап өтті.

Айта кетейік, Ойрат Садуов «Ertis» ФК-ны 2008-2009, 2014, 2018 жылдары жаттықтырған. Бапкер ретінде 2008 жылғы маусымда қола медальге қол жеткізген.

Оразбек Саяхат
Фото: Ertis ФК

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, "Ertis", ФК, футбол, спорт