МҚІСЖҚІА Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы – әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Әділбек Мұқашев атап өткендей, әдеп жөніндегі уәкілеттілер өз ведомстволары қызметкерлерінің іссапарға шығу фактілерін агенттік департаментіне дереу хабарлап, оларды мемлекеттік қызметшілердің іссапардағы тәртібі туралы ескертумен таныстыру қажет.

- Мемлекеттік қызметшілердің артық жұмыс жасауы бойынша жағдайды өзгерттік, енді тағам ұсыну мәселесі қалды, - деді Әділбек Мұқашев. - Іссапарға шыққан әрбір қызметкер өзінің қағидаға берік, әділ және парасатты екенін көрсетуі қажет. Қабылдаушы тарап өз кезегінде Заңға сәйкес әрекет етуі қажет және бұл қағидалар бұзылған жағдайда осындай мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік алаңдарда қарастыратын боламыз. Бұдан бөлек, жайылған дастархандарды сыйлық беру және алу деп қарастыратын боламыз.

Агенттігік төрағасының тапсырмасына сәйкес, әдеп жөніндегі уәкілеттілерге іссапарда жүретін мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын ұстану мәселесін қадағалауды қатаң бақылауға алу қажет. Тұрақты жерден тыс шығу Әдеп талаптарын сақтаудан босатпайды.

Ескертуде іссапарда жүрген лауазымды тұлғалар өз әрекеті және сыртқы келбетімен азаматтар және басқа мемлекеттік қызметшілер үшін үлгі болуы тиіс деп жазылған. Іссапарға шыққандар үшін іссапар шығыстары оған бөлінген ақшалай қаражат есебінен (жүру, тұру, тамақтану және басқа) іске асырылуы тиіс.

Сонымен қатар, азаматтар мен мемлекеттік қызметшілерге ұқсас бұзушылықтарға тап болған жағдайда 87474041424 телефон нөмірі арқылы ашық WhatsApp-желісіне немесе Facebook және Instagram әлеуметтік желісіндегі департаменттің парақшаларына хабарласа аласыздар.

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам