Білім беру мекемесі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 11-14 маусым аралығында ұйымдастырылған жарысқа Алматы химия-биология бағытындағы, Алматы физика-математика бағытындағы және Тараз, Талдықорған, Семей, Өскемен, Павлодар қалаларының Зияткерлік мектептері қатысқан.

- Өңірлік футзал бойынша жарыстар қыздар мен ұлдар арасында Павлодар, Қарағанды және Қызылорда қалаларында өтті, - дейді Павлодар ХББ футзал бойынша қыздарды жаттықтырушы Қанат Ескендіров. – Жарыс өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Павлодар қаласына жеті команда келді. Олардың ішінде Алматы, Семей, Өскемен, Талдықорған, Тараз және жергілікті командалар бар. Ұлдар өте жоғары дәрежеде нәтиже көрсете білді. 

Үш күнге созылған тартысты ойындардың нәтижесі бойынша ұлдар арасында жүлделі І орынды Өскемен, ІІ орынды Павлодар және ІІІ орынды Алматы өңірлерінің оқушылары жеңіп алды.

Қыздар арасында І орынды Өскемен, ІІ орынды Алматы және ІІІ орынды Павлодар командасының шәкірттері иеленді.

Жүлделі орындарға ілінбеген командалар арасында қазылар алқасының шешімімен оқушылар «Үздік қақпашы», «Үздік шабуылшы», «Үздік қорғаушы», «Үздік ойыншы» номинациялары бойынша марапатталды.

Аймақтық кезеңде 1, 2 орынды иеленген командалар 2019 жылдың 24-26 маусым күндері Шымкент қаласында өтетін республикалық кезеңде бақ сынайды. Бұл  тізімде Павлодар қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің спортшылары да бар.

 Фото: Павлодар қаласы НЗМ-нің баспасөз қызметі

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам, білім