Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жазғы маусымда қалалықтар саяжайларынан зат ұрланғаны туралы бірнеше арыз түсірген болатын.

- Барлық ұрлықтар бір қылмыскердің қолымен жасалғаны айқын болды. Саяжай аумағын күндізгі уақытта атты патруль күзететінін білген күдікті өз ойын түнгі уақытта іске асырған. Терезелерді сындырып, қойма құлыптарын бұзып қолына түскен барлық затты әкеткен, - деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.

Ұрланған заттар ішінде велосипед, электросаймандар, балалар бассейні мен тұрмыстық техникалар бар.

Жедел-іздестіру шаралары кезінде күдіктінің жеке басын анықтау мүмкін болды. Ол 27 жасар қала тұрғыны екені анықталды. Қазіргі уақытта ұсталған ер адамның 500 000 теңге көлеміндегі шығын келтірген алты ұрлыққа қатысы бар екені дәлелденді.

Барлық фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің облыс аумағындағы басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

pavlodarnews.kz

Тэги: саяжай, полиция, қылмыс, мүлік