Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі мәлім етті.

- KAZ Minerals Тобы 2019 жылдың бірінші жартысындағы өндірістік іс-қызметінің қорытындыларын және қаржылық нәтижелерін жариялады, - деді баспасөз қызметінде. – 2019 жылдың алғашқы алты айында KAZ Minerals Тобы Ақтоғай сульфидті кен байыту фабрикасында (БФ) өндірісті өсіру және Бозшакөл мен Ақтоғайдағы сульфидті кендерді өңдейтін фабрикалардың жоғары өткізу қабілетінің арқасында 147,6 мың тонна мыс өндірді. Бозшакөлде 2018 жылдың бірінші жартысында 49,8 мың тонна мыс өндірілген болатын.

Бірінші жартыжылдықта KAZ Minerals 87,7 мың унция алтын, 1,552 млн унция күміс, 18,4 мың тонна концентраттағы мырыш өндірді.

Топтың жаңа өндірістік кәсіпорындары – Бозшакөл мен Ақтоғай – саладағы ең қарқынды даму көрсеткіштерін қамтамасыз етіп, KAZ Minerals-ты қорының басым бөлігі әлемдік деңгейдегі ашық түрдегі кеніштерден тұратын компанияға айналдырды.

- Операциялық шығындары бойынша Бозшакөл халықаралық мыс өндіруші кәсіпорындар арасында бірінші квартильге кіреді, - деді компанияда. – Оның кен өңдеу қуаты жылына 30 млн тонна кенді құрайды. Кенішті пайдаланудың қалған мерзімі – 38 жыл. Кендегі мыс құрамы 0,37 пайыз. Карьер мен кен байыту фабрикалары өндірісті 2016 жылы бастады. Өндіріс көлемі – алғашқы 10 жылда жыл сайын 100 мың тонна катод эквивалентіндегі мысты және 120 мың унция концентраттағы алтынды құрайды.

Айта кетейік, КAZ Minerals – Қазақстанда, Қырғызстанда және Ресейде заманауи, ірі ауқымды, азшығынды карьерлік типтегі тау-кен өндірісін дамытуға бағытталған, өсу әлеуеті зор мыс өндіруші компания. Компания операциялық іс-қызметін Павлодар облысындағы Бозшакөл және ШҚО орналасқан Ақтоғай ашық кеніштерде, сонымен қатар Шығыс Қазақстанда орналасқан үш кеніш пен үш кен байыту фабрикаcында және Қырғызстандағы Бозымшақ мыс-алтын кенішінде жүргізеді.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, Бозшакөл, кен, өндіріс, экономика